Түркияда жасалған құрылғы коронавирусты 10 секундта анықтайды

0
120
Коронавирустың бар жоғын 10 секундта анықтайтын Diagnovir құрылғысы.

Түркиядағы Билкент университетінің ұлттық нанотехнология зерттеу орталығының (UNAM) ғалымдары коронавирусты он секунд ішінде диагностикалауға мүмкіндік беретін Diagnovir құрылғысн ойлап тапты. Бұл туралы зерттеу орталығының сайты хабарлады.

Құрылғыны жасаушылар Diagnovir 99% нәтижені дұрыс көрсететінін айтады.

Ғалымдар тестті жеті ай бойы дайындаған. Жүйе коронавирустың болуын ауыз қуысынан алынған сілекей арқылы анықтайды.

2019 жылы Оңтүстік Корея ғалымдары вирусты анықтау үшін осыған ұқсас тест жүйесін құрған.

Diagnovir-дың ПТР тестінен айырмашылығы, адамдарға ыңғайсыздық тудырып мұрынға ешнәрсені тығудың қажеті жоқ. Сонымен қатар, ПТР тестінің нәтижесін орта есеппен бір күн күту қажет.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз