Мәжіліс және мәслихат сайлауында 400-ге жуық шетелдік бақылаушы болады

0
851

10 қаңтарда өтетін мәжіліс және мәслихат сайлауында 400-ге жуық халықаралық бақылаушы болады. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Халықаралық баұылаушыларды тіркеу процесі 4 қаңтар жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 18.00-де аяқталған.

ОСК хабарлауынша, барлығы 398 халықаралық байқаушы тіркелген. Оның 322-і  10 халықаралық ұйымның атынан қатысады.

Олар:

ТМД парламентаралық ассамблеясы (48),

ТМД атқару комитеті (179),

Ислам ынтымақтастық ұйымы (4),

ЕҚЫҰ демократиялық институттар мен адам құқығы бюросы (42),

ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы (9),

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (15),

Түркітілді мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі (7),

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының парламенттік ассамблеясы (7),

Түркітілді елдер парламенттік ассамблеясы (9),

Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігі (2).

Бұған қоса, 31 мемлекеттен 76 байқаушы қатысады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз