Өткен тәулікте 1584 адам коронавирус жұқтырды

0
204

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталған 1584 науқас анықталды. Бұл соңғы алты айдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Өткен жылдың 24 шілде күні 1740 науқас тіркелген еді. Аурудан бір күнде 839 адам жазылып шыққан.

23 қаңтарда анықталған науқастардың 60 пайызы солтүстік өңірлерге келеді. Ақмола облысында 237, Нұр-Сұлтан қаласында 229, Павлодар облысында 220, Қостанай облысында 177 және Солтүстік Қазақстан облысында 113 адамның ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен.

Ең төменгі көрсеткіш әдеттегідей Қызылорда (16), Түркістан (16), Маңғыстау (11) және Ақтөбе облыстарында (10), сондай-ақ Шымкент қаласында (8) тіркелген.

Осылайша Қазақстанда вирус жұқтырғаны зертханалық талдаумен расталғандар 176 974 адамға жетіп отыр. Оның ішінде 159 486 адам жазылып шыққан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз