Суреттер сөйлейді: Ресейдегі наразылық акциялары қалай өтті?

0
745
Наразылыққа шыққандар алаңға оппозиция жетекшісі Навальныйды қолдау мақсатында "Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін" деген плакат ұстап шықты. Photo: EPA

Ресейде сенбі күні президент Владимир Путинге қарсы соңғы жылдардағы ең үлкен наразылық акциясына ондаған мың адам жиналды.

Наразылар өткен демалыс күндері елге оралғаннан кейін тұтқындалған оппозиционер Алексей Навальныйға бостандық сұрады.

BBC агенттігінің хабарлауынша, ел бойынша ондаған қалада өткен наразылық акцияларынан 3000-нан астам адам қамауға алынған.

Reuters агенттігі тек Мәскеуде 40 000-ға жуық адам жиналғанын хабарлады. Ал Ресей билігі бұл санның оннан бір бөлігі ғана көшеге шыққанын мәлімдеді.

Photo: Reuters

Суреттерден омондардың наразылыққа шыққандарды ұрып-соғып, сүйрегенін байқауға болады. АҚШ пен Ұлыбритания Ресей билігінің реакциясын айыптап, бейбіт демонстранттарды босатуға шақырды.

ЕО сыртқы істер департаментінің басшысы Джосеп Боррелл де наразылыққа алаңдап, дүйсенбі күні сыртқы істер министрлері  “келесі қадамдарды” талқылайтынын жеткізді.

Митингтерді қадағалайтын OVD Info тәуелсіз қоғамдық ұйымы тек Мәскеуде 1200-ден астам адам ұсталғанын хабарлады.

Photo: Reuters
Photo: EPA
Photo: Reuters
Photo: Reuters

Ресейдің Қиыр Шығысынан Санкт-Петербургке дейін жалғасқан демонстрациялар соңғы жылдардағы ең ауқымды наразылық акцияларының бірі болды.

Омбыда наразылыққа шыққандар Навальныйды-30С (22F) температурада ұстауға қарсы шықты.

Photo: Reuters

Сібірдегі Якутскіде өткен тағы бір наразылық кезінде ауа температурасы -52С (-62f) болған.

Photo: Reuters

Алексей Навальный заңгер және блогер. Ол ұзақ уақыт бойы Кремльді сынауын жалғастырып келеді. Навальный сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрескер ретінде беделге ие әрі ел оппозициясының ең көрнекті тұлғасы.

Навальный өткен жексенбіде Германиядан Ресейге орала сала әуежайда тұтқындалды. Журналист-зерттеушілер оның өміріне жасалған қастандыққа Ресей билігін айыптаса, ресми билік мұны жоққа шығарады. 

Полиция Навальныйдың шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарттарын бұзғанын және оны одан әрі тыңдағанға дейін қамауда қалдыратынын мәлімдеді.

Photo: Reuters
Photo: EPA

Халықаралық ұйымдардың көбі Навальныйды қамауға алуды айыптады және оны тез арада босатуға шақырды.

Навальный халықты көшеге наразылыққа шығуға шақырған. Оның командасы осы аптада президент Путинге тиесілі деп болжанған Қара теңіздегі сарай туралы тергеу деректі фильмін жариялады.

Бес күн ішінде 77 миллионнан астам көрілім жинаған зерттеу фильмі Путин мүлкінің құны 1 миллиард фунт стерлинг (1,37 миллиард доллар) және “тарихтағы ең үлкен парамен” төленген деп мәлімдейді. Алайда Кремль оның президентке тиесілі екенін жоққа шығарған.

Ресей билігі сенбіде кез келген рұқсат етілмеген митинг “дереу тоқтатылады” деп алдын ала ескерткен.

Photo: Reuters

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз