Жалғас Жұмағұлов UFC-де қатарынан екінші рет жеңілді

0
233

Қазақстандық Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі екінші жекпе-жегінде швециялық Амир Альбазиден төрешілер шешімі бойынша жеңіліс тапты.

Бұл, Абу-Дабиде өтіп жатқан UFC 257 кардының алғашқы жекпе-жегі болатын. Жеңіл салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек толық 3 раундты қамтып, соңында төрешілер шешімі бойынша (2-1) Альбази жеңіске жетті.

Екі қарсылас арасындағы жекпе-жек өткен жылдың қараша айында өтуі керек болған. Алайда, ақтөбелік Жалғастың виза алу жөнінен кедергілер шығып, кейінге шегерілген еді.

UFC 257 кардының басты жекпе жегі Конор Макгрегор мен Дастин Порье арасында өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз