Өткен тәулікте 2000-ға жуық адамнан коронавирус табылды

0
177
Photo: pricom.kz

23 мамырда Қазақстанда 1832 адамнан коронавирус табылды. 15 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 18 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 24 мамыр күні хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Алматы (398) қаласында және Қарағанды (355) облысында тіркелген. Одан кейін Нұр-Сұлтан (179) қаласы, Ақмола (140) және Алматы (104) облыстары тұр. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 375 014 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 9 айға жуық уақыт ішінде 54706 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 888 адам қайтыс болған. 50839 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 33 002 адам (оның ішінде 523 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 729 адамның жағдайы ауыр, 178 науқастың жағдайы өте ауыр. 99 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз