Қазақстанның “Эль-Класикосы” тең нәтижемен аяқталды (фотоесеп)

0
103

Футболдан Olimpbet – Қазақстан чемпионатының он үшінші турында нұрсұлтандық “Астана” өз алаңында “Қайрат” командасымен 1-1 есебімен тең түсті.

Матч Нұр-Сұлтан қаласындағы “Астана арена” стадионында жанкүйерлер қатысуымен өтті.

Ойын басталмастан бұрын стадионда 22 мамыр күні қайтыс болған Мелс Кенетаев құрметіне 1 минут үнсіздік жарияланды.
Мелс Кенетаев – 2008 жылы Астана клубының жаттықтырушысы болған.

Ойынның голдары матчтың соңғы 5 минутында соғылды. Алғаш болып Астана сапынан Тигран Барсегян 86 минутта есеп ашты. Алайда қайраттық Ғафуржан Сүйімбаев 91 минутта есепті теңестірді.

Осылайша Андрей Тихонов жаттықтырған жігіттер 13 турдан кейін 33 ұпай жинады. Ал, Қайрат командасы 21 ұпаймен 3 орында тұр. Келесі турда “Астана” командасы 29 мамыр күні сырт алаңда “Каспий” командасына қарсы ойнайды. Ал, “Қайрат” өз алаңында “Қайсар” клубын қабылдайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз