Өткен тәулікте 622 адам коронавирус жұқтырып, 11 адам қайтыс болды

0
142

28 ақпанда Қазақстанда 622 адамнан коронавирус табылды. 10 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 8 адам – коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 1 наурыз таңертең хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Алматы (96) қаласында тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар тоқсанға жетпейді. “Қызыл” аймақта болған Нұр-Сұлтан қаласында 42 адам тіркелген.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 213 431 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 7 айға жуық уақыт ішінде 49 294 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 625 адам қайтыс болған. 42 307 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 20 140 адам ( оның ішінде 6362 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 248 адамның жағдайы ауыр, 50 науқастың жағдайы өте ауыр. 44 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз