1 наурыз – Алғыс айту күні

0
1,632

Қазақстандықтар көктемнің алғашқы күнінде бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, алғыс айту мерекесімен құттықтауда. 

Бұл күні Қазақстандағы әр-түрлі ұлт өкілдері бір-біріне КСРО кезінде жер аударылып келген кезде қонақжайлық пен сабырлық таныта білгені үшін алғыс айтып, рақметтерін білдіреді.

Бұл мейрам 2016 жылдың 1 наурызынан бастап ресми түрде аталып өте бастады. Себебі 2015 жылы Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығында Елбасы Назарбаев, мерекені ресми түрде атап өтуді ұсынған болатын.

“Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігі, достығы мен махаббатының жарқын көрінісі бола алады” – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Kazaknews.kz ақпараттық агенттік ұжымы барлық қазақстандықтарды алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Оқырмандарымызға, әрқашан бізді қолдап, біздің ақпараттарымызды оқып және бөлісіп жүргендеріңіз үшін алғыс айтамыз!

Telegram каналымызға өту үшін басыңыз
Facebook әлеуметтік желімізге өту үшін басыңыз
Youtube каналымызға өту үшін басыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз