Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

0
275
Photo: coronavirus2020.kz

Қазақстанда 1 наурыздан бастап 13,5 мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде ел қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы жылдың 5 ақпанында президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әскерге шақыру науқанының басталуы туралы жарлыққа қол қойған.

Қорғаныс ведомствосы әскерге шақыруды осы жылдың шілде айында аяқтауды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Әскерге шақырылушылардан екі рет, яғни, әскерге шақыру кезінде және әскери бөлімдерге келген кезде құрама пункттерде ПТР-талдама алынады. Жаңа шақырылушыларға екпе жүргізу қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылады.

Қорғаныс министрлігінің өкілі полковник Сәкен Жүсіпов биыл шақырылатын азаматтарды хабардар етудің жаңа тәсілі қолданылатынын айтты. Пандемия жағдайында қарым-қатынасты азайту үшін цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 сервис қызметі пилоттық режимде SMS-хабарлама жібереді.

“Ақша беру жолымен көмек көрсетуге уәде берген адамдардың көмегімен әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе босату мәселелерін шешуге тырыспаңыз. Бұл халықтың бейхабар екенін пайдаланып, онсыз да әскерге шақыруы кейінге қалдыруды қажет ететін істі қолға алатын алаяқтар”, – деді қорғаныс ведомствосының өкілі.

Бопсалауда, не туындаған мәселелерді шешу ұзаққа созылған жағдайда полковник Сәкен Жүсіпов “Қарулы күштер – адалдық алаңы жобалық офистеріне жүгінуді ұсынды. Ол үшін жергілікті әскери басқару органдарында электрондық пошта жәшіктері мен әлеуметтік желілерде ресми аккаунттар құрылған.

Әскери қызметке шақыру тәртібі жөнінде білу үшін Қорғаныс министрлігінің сall-орталығына 8 (7172) 72 10 83, 72 16 06, 72 13 89; 72 13 82 телефондары арқылы хабарласуға болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз