Өткен тәулікте 654 адамнан коронавирус анықталды

0
205

30 қарашадағы ақпаратта 654 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. 10 адамнан пневмония табылды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Қазақстанда кейінгі бірнеше аптадағы коронавирус жұқтырғандардың тәулік көрсеткіші азайған. Соңғы ақпаратқа сәйкес, 1137 адам індеттен жазылды. Ал, 18 адам коронавирус салдарынан қайтыс болды. Жалпы вирус жұқтырғандардың саны 971 541 адамға, жазылғандардың саны 935 950 адамға, ал қайтыс болғандар саны 12 696 адамға жетті.

Барлығы 26 472 адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Қазіргі таңда 5 623 адам стационарда, ал 20 849 адам амбулаториялық деңгейде. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 376 адамның жағдайы ауыр, 119 адамның жағдайы өте ауыр және 53 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз