Месси жетінші рет “Алтын доп” иегері атанды

0
269
photo: footboom.com Лионель Месси

29 қарашада франциялық “Пари Сен-Жермен” клубының және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси “Алтын доп-2021” иегері атанды. Месси футбол мансабында әлемдік рекорд жасап “Алтын допты” жетінші мәрте иеленді. 

Екінші орында германиялық “Бавария” клубының ойыншысы Левандовски, ал үшінші орында “Челси” ойыншысы Жоржиньо тұрақтады.

2021 жылы Месси ұлттық құрама сапында алғаш рет кубок (CONMEBOL Америка кубогы) жеңіп алды. Левандовски “Бавария” сапында Германия чемпионы атанды. Одан бөлек Бундеслигада 41 гол соғып, Герд Мюллердің рекордын жаңартты. Жоржиньо Италиямен Еуропа чемпионатында және “Челсимен” чемпиондар лигасында жеңіске жетті.

“Алтын доп-2021” тізімі:

  1. Лионель Месси – 613 ұпай
  2. Роберт Левандовски – 580 ұпай
  3. Жоржиньо – 460 ұпай
  4. Карим Бензема – 239 ұпай
  5. Нголо Канте – 186 ұпай
  6. Криштиану Роналду – 178 ұпай
  7. Мохамед Салах – 121 ұпай
  8. Де Брюйне – 73 ұпай
  9. Киллиан Мбаппе – 58 ұпай
  10. Джанлуиджи Доннарумма – 36 ұпай

France Football тарапынан берілетін басқа да марапаттар бойынша:

  • Үздік жас ойыншы – Педри “Барселона”
  • Үздік шабуылшы – Левандовски “Бавария”
  • Үздік қақпашы – Джанлуиджи Доннарумма “ПСЖ”
  • Үздік әйел ойыншы – Алексиа Путельяс “Барселона”

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз