Өткен тәулікте 855 адам коронавирус жұқтырып, 13 адам қайтыс болды

0
147

25 ақпанда Қазақстанда 855 адамнан коронавирус табылды. 51 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 12 адам – коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 26 ақпан таңертең хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан(135) және Алматы(110) қалаларында тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 211 212 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 7 айға жуық уақыт ішінде 49 172 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 620 адам қайтыс болған. 41 633 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 20 277 адам ( оның ішінде 6919 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 254 адамның жағдайы ауыр, 53 науқастың жағдайы өте ауыр. 41 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз