АҚШ Сирия мен Ирак шекарасында әуеден соққы жасады

0
297

АҚШ Сирия мен Ирак шекарасында шоғырланған ираншыл содырларға әуеден соққы жасады. Бұл туралы 25 ақпанда АҚШ қорғаныс министрлігі хабарлады.

Пентагон мәліметінше, бұл осы айда Ирактағы АҚШ пен коалиция әскеріне жасалған зымыран шабуылға жауап.

“Операцияның месседжі айқын: Президент [Джо] Байден америкалықтар мен коалиция қызметкерлерін қорғау үшін әрекет етеді. Бір мезгілде … Сирия шығысы мен Ирактағы жағдайды ушықтырмауға тырысамыз” делінген Пентагон мәлімдемесінде. Ондағы ақпаратқа сәйкес, Сирия мен Ирак шекарасында бақылау-өткізу пунктіндегі Иран қолдайтын топтардың, оның ішінде Катаиб Хезболла мен Катаиб Саид әл-Шухада шииттік топтардың “түрлі нысандарына” соққы берілген.

15 ақпанда Ирактың жартылай автономиялық Күрдістан аймағында әскери базаға зымыран соққы жасалып, бір жалданбалы қызметкер қаза тауып, АҚШ пен коалицияның сарбаздары жараланған. Бірнеше күннен кейін Бағдаттың солтүстігінде АҚШ әскері шоғырланған аумаққа тағы бір рет зымыран шабуылы жасалып, кемінде бір қызметкер зардап шеккен. Мұнан бөлек, осы апта басында АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігі атқылауға ұшыраған. (RFL / RL)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз