Өткен тәулікте вирус жұқтырғандар барлық аймақта тіркелді

0
121

Қазақстанда өткен тәулікте 712 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, елде жалпы 136 983 адам вирус жұқтырды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

7 желтоқсан таңертеңгі ақпаратта 712 адам вирус жұқтырды. Оның ішінде ең көп тіркелгені ШҚО(100) және Павлодар(106) облысында. Бұдан бөлек 621 адам індеттен жазылып, барлығы 120 799 адамға жетті. Ал, 9 адам ауру салдарынан қайтыс болып, жалпы 2088 адам өлді.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 096 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 010 бала бар.

Жұқтырғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 67
Алматы қаласы – 67
Шымкент қаласы – 2
Ақмола облысы – 60
Ақтөбе облысы – 10
Алматы облысы – 28
Атырау облысы – 29
Шығыс Қазақстан облысы – 100
Жамбыл облысы – 16
Батыс Қазақстан облысы – 43
Қарағанды облысы – 28
Қостанай облысы – 77
Қызылорда облысы – 2
Маңғыстау облысы – 5
Павлодар облысы – 106
Солтүстік Қазақстан облысы – 68
Түркістан облысы – 4

Жазылғандар тізімі аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 78
Ақмола облысы – 51
Алматы облысы – 139
Атырау облысы – 36
Шығыс Қазақстан облысы – 103
Батыс Қазақстан облысы – 12
Қарағанды облысы – 18
Қостанай облысы – 117
Қызылорда облысы – 10
Павлодар облысы – 17
Солтүстік Қазақстан облысы – 40

Соңғы 24 сағатта коронавирус белгілері бар пневмониның 33 жағдайы тіркелді. Осылайша елде пневмонияны 43 106 адам жұқтырып, 30 956 адам жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз