Оралу Әлемде Қазақстандық “Ұлы дала зары” фильмі Оскарға ұсынылды

Қазақстандық “Ұлы дала зары” фильмі Оскарға ұсынылды

0
601

Қазақстандағы Оскар комитетінің шешімімен “Ұлы дала зары” фильмі “Шет тіліндегі үздік фильм” номинациясының лонг-листіне енді. Бұл туралы holanews.kz сайты хабарлады. 

Киноның алғашқы премьерасы 2020 жылы 7-9 қараша аралығында Лос-Анджелестегі Халықаралық Азия кинофестивалінде өтті.

Фильмнің режиссері – Марина Кунарова, продюсері – Ернар Мәліков.

“Қаржыландырудың жоқтығынан фильмді 5 жыл бойы түсірдік. Бізге түсірілімге және постпродакшнге ақша жетпеді. Осы уақыт аралығында барлық мүлкімді саттым, қарыз алдым, пәтерімді кепілге бердім. Бұл біздің қатыгез заманда өмір сүрген ата-бабаларымыздың алдындағы азаматтық парызымыз”, — деді Ернар Мәліков.

Туындыда өткен ғасырдың 20 – 30 жылдары Қазақ даласында большевиктер қасақана ұйымдастырған алапат зұлымдықтың салдарынан аштан қырылған қазақ халқын көрсетеді. 1920 – 1930 жылдары елде аштық болып, 1,5 миллионнан астам адам басқа елге қашып құтылады, ал 8,5 миллионға жуық адам аштықтан қырылып қалған.

Айта кетейік, Қазақстан “Оскар” сыйлығына өз туындысын алғаш рет 1992 жылы ұсынды. Араға уақыт салып, 2006 жылдан бері конкурсқа үздіксіз кинотуындылар ұсынуда. Алайда осыған дейін “Оскардың” лонг-листіне 3 отандық филмь ілікті. Олар: 2008 жылы “Моңғол”, 2009 жылы “Келін” және “Айка” фильмі. Осылардың арасынан жалғыз “Моңғол” фильмі шорт-листке ілінген болатын.

“Ұлы дала зары” киносын www.cinexus.kz сайтына тіркеліп, онлайн көре аласыз. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз