Өткен тәулікте вирустан 26 адам қайтыс болды

0
158

Өткен тәулікте 24 адам коронавирустан, 2 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

28 мамырдағы мәлімет бойынша, 30 153 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 11 432 пациент стационарда, 18 721 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Науқастар арасында 665 адамның жағдайы ауыр, 154 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 101 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір тәулікте 1 747 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 80 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 381 907 адамнан коронавирус анықталды, 3 903 адам коронавирустан қайтыс болды. 55 024 адам пневмонияға шалдықты, 3 351 адам пневмониядан қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз