Қызыл аймақта 5 өңір қалды

0
132

28 қыркүйекте Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қызыл аймақта бес өңір орналасқан. Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы хабарлады.

Өткен аптадан бері Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай жақсаруда. Тиісінше коронавирустың таралуы бойынша “қызыл аймақтағы” өңірлер саны да азаюда. Қазіргі таңда “қызыл аймақта” 5 өңір, “сары аймақта” 8 өңір, “жасыл аймақта” 4 өңір орналасқан. Жалпы Қазақстан Республикасы “сары аймақта” тұр.

28 қыркүйектегі ақпарат бойынша 1719 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Оның ішінде ең көп Алматы (413) және Нұр-Сұлтан (183) қаласында тіркелді. Ал 2781 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 880 709 адамға жеткен.

Елде жалпы 7,5 миллионнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 6,5 миллионға жуық адам екінші компонентін ектірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз