10 тамыз – Абай Құнанбаевтың туған күні

0
373

Бүгін, Абай Құнанбайұлының туғанына 176 жыл толды. Мәдениет министрлігі Абайдың туған күніне іс-шаралар жергілікті деңгейде ұйымдастырылатынын атап өтті.

Абай күні мерекесіне орай республиканың барлық өңірінде бірқатар ірілі-кішілі әдеби, мәдени-танымдық, ағартушылық, ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай өтетін ұзақ мерзімді мерекелік іс-шараларда бар. Мысалы:

  • 10 тамыз, «Артық ғылым кітапта» атты кітап көрмесі (ай бойы)
  • 10 тамыз сағат 15:00, Хакім Абайдың туған күніне орай абайтанушы ғалым, профессор Тұрсын Жұртбайдың «Ұлы дала данышпаны» атты лекциялары, онлайн кездесу.
  • 10 тамыз, «Әнді сүйсең, менше сүй» Абай әндерін шырқау, әдеби-музыкалық караоке (күні бойы)
  • 10 тамыз, «Әлем таныған Абай» әдеби-сазды мерекелік іс-шарасы (күні бойы)

Абайдың өмірбаяны

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысында Шыңғыстауда туған. Абайдың арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады.

Бала Абай әжесі Зеренің таусылмайтын аңыз-ертегілері мен сөзге шебер анасы Ұлжанның тәрбиесін көріп өскен. Әуелі Абай әкесі өз туыстарының балаларын окытамын деп “Ескітам” деген қоныста салдыртқан медреседе сауат ашты. Одан кейін ауылдағы Ғабитхан молдадан білім алды. Ал 10 жасқа толғанда Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқыды. Сол жерде араб, парсы тілдерін меңгеріп шыққан. Осы үш жылда алған білім Абайға өмірлік азық болды. Осылайша ауылға әкесінің шақыруымен оралған Абай 13 жасынан бастап ел басқару ісіне араласты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз