Қазақстандықтар мен моңғолиялықтарға репатриациялық рейстер ұйымдастырылады

0
171
Ұшақ. Көрнекі сурет.

Қазақстанның Моңғолиядағы елшілігі мен «HunnuAir» авиакомпаниясы 14 тамызда Ұлан -Батор – Нұр -Сұлтан – Ұлан -Батор және 2021 жылы 19 тамызда Ұлан -Батор – Алматы – Ұлан-Батор бағытында арнайы рейс ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті хабарлады.

Жоғарыда көрсетілген арнайы рейстер Моңғолияға оралғысы келетін Қазақстан азаматтары мен Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар Моңғолия азаматтарын, сондай – ақ олардың отбасы мүшелерін қабылдауға дайын. Сонымен қатар, Қазақстанға көші -қон заңнамасын бұза отырып келген Моңғолия азаматтары да репатриациялық* рейстермен өз отанына орала алады.

Ол үшін олар Алматы қаласы полиция Департаментінің көші – қон қызметі Басқармасына, Қарасай батыр көшесі 109а мекенжайы бойынша хабарласуы қажет.

Репатриация* – түрлі себептермен бөгде мемлекет аумағында қалған адамдарды Отанына қайтару.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз