Қазақстан мен Түркия бірігіп тарихи сериал түсіреді

0
290
Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бастаған делегация Түркияның тарихи сериал түсіретін алаңдарын аралап жүр. Photo: Facebook/@AlimBayel

Қазақстан мен Түркия бірлесе отырып тарихи сериал түсірмек. Танымал түрік продюсерлері бұл жобаның жұмысына кірісіп кетті. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлады.

“Алып-Арслан” атты 6 бөлімнен тұратын тарихи сериалды бастауды жоспарлап отырмыз. Шайқас кадрларын Қазақстанның кең жазығында түсіреміз. Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрімен кездесуде осы идеяны талқыладық. Сонымен қатар Қорқыт ата фильмін түсіру туралы ұсынысымызды да айттық. Ол туралы бүкіл әлем білуі тиіс”, – деді түрік продюсер Эмре Конюк.

TRT түсірілім павильонының директоры Яхия Тайып Айдениз түрік режиссерлері қазақстандық “Номад” командасының каскадерлерімен және “Хассак” этно-фольклорлық ансамблімен ынтымақтастық жасап жатқанын айтты.

Түркия әлемде сериал түсіруде екінші ел екені айтылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз