Өткен тәулікте 1921 адам вирус жұқтырып, 20 адам қайтыс болды

0
317

Қазақстанда өткен тәулікте 1921 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 17 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Коронавирустан 18, ал пневмониядан 2 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Аймақтар бойынша ең көп науқас Алматы қаласында(611) тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласында 368 адам анықталған. Алматы облысында – 255, Батыс Қазақстан облысында – 105, Атырау облысында – 103 науқас тіркелген.

Өткен жылдың наурыз айынан бері 255 028 адамның коронавирус тест оң шыққан. Содан бері 3 110 адам қайтыс болған. Бұған қоса, 702 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. 1 тамыздан бері 50 832 адамға коронавирус пневмония диагнозы қойылған.

Қазір 27 836 адам коронавирустан емделіп жатыр. 26 662 адам коронавирустан, 1174 адам пневмониядан емделуде. 117 адамның жағдайы өте ауыр. 70 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, 131,9 млн адамға коронавирус жұққан, 2,8 млн адам қайтыс болған

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз