Мүфтият ораза кестесін жариялады

0
902

Мұсылмандардың қасиетті айы Рамазан 13 сәуірде басталып 12 мамырда аяқталады. 13 мамыр – Ораза айт. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн – Қадір түні. ҚМДБ ораза кестесін жариялады.

Оқи отырыңыз: Рамазан айында вакцина салдыруға бола ма?

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ораза кестесі. Photo: muftyat.kz

Өз қажеттілігін қоспағанда мал-мүлкі, дүниесі күміс нисабына жеткен, яғни 127 мың теңгесі бар адам Рамазан айында өзі және жанұясы үшін пітір садақасын беруі – уәжіп (міндет). Пітір садақасы пенденің ораза кезінде жіберіп алған қате-кемшіліктерінің өтеуі үшін және көмекке мұқтаж жандарды материалдық қолдау мақсатында беріледі.​ ​ ​ ​

Биылғы пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Оның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелген. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз