Бас мүфти Наурызбай қажы Ораза айтпен құттықтады

0
91
photo: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мұсылмандарды Ораза айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Бас мүфтидің құттықтау мәтіні:

Қадірлі қауым!

Сіздерді күллі мұсылман баласының ұлық мерекесі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын, ардақты ағайын! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға береке тілеймін. Алла Тағала бәріміздің мерейімізді үстем етсін!

Ораза айт – сый мен сияпатқа, құрмет пен нығметке, шексіз сауапқа бөленетін сәт.

«Айт» сөзі – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу» деген мағыналарды білдіреді. Исламдағы ұлық мейрамдар мұсылман қауымының, барша адамзаттың жүрегіне қуаныш сыйлауға үндейді. Айт күні отбасын, ағайын-туысты, көмекке мұқтаж адамдарды, қарттар мен қараусыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды қуандырудың сауабы мол. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқандай, парыз амалынан кейінгі ең абзал амал – мұсылманның жүрегіне қуаныш ұялату. Адам баласы өзгені қуандыру арқылы өзі де қуанышқа бөленеді.

Ораза айт мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ пен береке, бірлік пен татулық тілеймін. Алла Тағала сіз бен бізді келесі Рамазанға дейін аман-есен жеткізіп, мол сауапқа кенелуді нәсіп еткей. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Әмин!

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз