Батырхан Шүкенов ескерткішінің эскиздері пайда болды

0
215
photo: the-steppe.com

Нұр-Сұлтан қаласының саябақтарының біріне марқұм әнші, композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарланып жатыр. Бұл туралы астана әкімдігінің сайты хабарлады.

Композитор тірі болғанда 18 мамырда 59 жасқа толар еді. Осыған орай қала әкімдігі Батырхан Шүкенов ескерткішінің үздік эскиз-идеясына байқау жариялады. Байқау мамыр айының соңына дейін жалғасады.

Шүкеновке арналған алғашқы эскиздер пайда болып үлгерді. Онда композитор әртүрлі бағытта сүйікті аспабы саксофонмен бейнеленген.

Эскиздер бойынша ұсыныстар Birge платформасындағы centerofurbanism@gmail.com поштасына жіберуге болады.

Әкімдік мәліметінше, жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз