ЭКСПО аумағында алғаш рет Әз-Наурыз атап өтілді

0
182

Астананы әлемге әйгілі ете түскен ЭКСПО көрмесінің аумағында алғаш рет Ұлыстың Ұлы Күні Наурыз мейрамы тойланды.

Жаңа күннің бастауы болған Ұлттық мерекені тойлау барысында «Нұр әлем» – «Болашақ энергиясы» музейінің іргесінде киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар мен наурыз көже, бауырсақтар таратылды.

Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін дәріптейтін театрлық қойылымдар қойылып, арқан тартыс, қанталапай сынды ұлттық ойындар ойнатылды.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шарада шығармашылық ұжымдар, мың бұралған бишілер мен белгілі эстрада әншілері өнер көрсетуде.

Ұлттық киімдер мен аспаптардан, қолөнер бұйымдардан көрме ұйымдастырылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз