Ұлттық банк TILASHAR монеталарын айналымға шығарады

0
245
photo: nationalbank.kz

Қазақстан ұлттық банкі «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясын жалғастыру мақсатында TILASHAR коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Бұл туралы Қазақстан ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиордан және номиналы 100 теңгелік нейзильберден жасалған монеталардың сатылымға шығатын күні ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.

“«Тілашар» – әр отбасының өміріндегі ерекше оқиға. Бұрын әдет-ғұрып бала алғашқы сөздерін айтқаннан кейін жасалған. Бүгінгі таңда дәстүр білім алу жолындағы алғашқы қадамды білдіреді”- делінген хабарламада.  

Монеталар:

– 925/1000 сынамды күмістен, массасы – 24 грамм, сапасы – proof, номиналы – 500 теңге, дайындау таралымы – 5 000 дана;

– МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңге, таралымы 30 000 дана;

– МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, массасы – 11,17 грамм, диаметрі – 31 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңге, таралымы – 100 000  дана болып дайындалды.

Бұл монеталардың барлығы олардың белгіленген құны бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз