Нұр-Сұлтанда осы аптада қандай мәдени іс-шаралар өтеді?

0
96
Астана қаласы.

11-14 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары бос уақыттарын елордалық циркте немесе қала театрларында тамаша өткізе алады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

  • Театрдың жас жанкүйерлері үшін “NOMAD City Hall” – да 11 қараша күні сағат 11:00-де және 16:00-де “Арыстан Патша” спектаклі өтеді.
  • Сонымен қатар, 12-14 қараша аралығында елордалық Қуыршақ театры “Это я нарисовал” қуыршақ балетін орындайды.
  • Жас көрерменнің музыкалық театрында 11 қараша күні сағат 15: 00-де “Золушка” ертегісінің көрсетілімі өтеді.
  • 14 қараша күні сағат 18:00-де “Дүние-ғапыл” метафизикалық драмасы көрсетіледі.
  • 13 және 14 қарашада елорда тұрғындары мен қонақтарын “Столичный цирк зажигает огни” атты динамикалық және әсерлі цирк бағдарламасы күтеді. Бұл әр түрлі жанрдағы ерекше шоу. Көрермендерді тамаша сайқымазақ реприз, тентек иттер, жонглер – виртуоздар, гироскутердегі эквилибр, гимнасттар, акробаттар және балеттің әсем шоуы таң қалдырмақ.

Сәкен Сейфуллин музейінде “Семья-зеркало общества” және “Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы” тақырыптарында дәрістер өтеді. Сондай-ақ мұражайда “жұмбақ жәдігерлер”, яғни мекеме қорынан алынған фотосуреттер көрсетіледі. Мұның бәрін мұражайдың әлеуметтік желілерінен онлайн көруге болады.

“Орталықтандырылған кітапхана жүйесі” КММ “Кемел парасатты қаламгер” кітап көрмесі арқылы М.Айымбетовтың шығармашылығы туралы әңгімелейді. Сондай-ақ, “Ұлттық теңге мәртебесі” танымдық сағаты өтеді. Оның мақсаты-патриотизмді қалыптастыру, қазақ халқының мәдениетіне, тарихы мен мұрасына деген сүйіспеншілік, құрмет пен қызығушылықты тәрбиелеу.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз