Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны қайта артты

0
72
Жедел жәрдем көліктері.

11 қарашадағы ақпаратта Қазақстанда 1219 адамға коронавирус жұққан. 29 адам індеттен қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігі тағы 176 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылғанын, 4 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Коронавирус жұқтырғандар саны ең көп Солтүстік Қазақстан (155) мен Павлодарда (138), сонымен бірге Алматы қаласында (131) тіркелген. Эпидемологиялық ахуалға байланысты Қазақстан қазір “жасыл аймақта” тұр.

Пандемия басталғалы бері 952 886 адамның ПТР тесті оң шыққан. Қазір 38 мыңға жуығы емделіп жатыр. 12349-ы қайтыс болған.

Өткен жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 80 753 адамға жетті. 5080-і көз жұмды.

Кейінгі үш тәуліктегі коронавирус мәліметі бойынша жұқтырғандар саны артып жатыр:

09.11 – 909 адам
10.11 – 1128 адам
11.11 – 1219 адам

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз