Нұр-Сұлтанда театр фестивалі өтеді

0
99

28 қазан мен 1 қараша аралығында астанада “Nur-Sultan theatre week” театр фестивалі өтеді. Бұл туралы әкімдік сайты хабарлады.

“Екпе алған тұрғындар санының көбеюі мен КВИ-ге қарсы ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы қалыпты өмірге біртіндеп оралуға мүмкіндік береді. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, 28 қазан мен 1 қараша аралығында “Nur-Sultan theatre week” халықаралық театр фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз. Елордамыздың барлық театры қатысады, сондай-ақ шетелдік театр ұжымдары шақырылады.” – делінген әкімдік сайтында.

Театр апталығы туралы барлық ақпаратты visitnursultan.kz сайтынан қарауға болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз