Білім министрлігі заңсыз әрекет үшін шағымданатын жедел желіні іске қосты

0
1,667
WhatsApp

Мектепке көңіліңіз толмаса немесе сізге қарсы заң бұзылса жедел желі арқылы шағымдануыңызға болады. Бұл туралы Ehelpkz телеграм каналы хабарлады.

“Қазақстанда білім беру мәселелері бойынша жедел желі іске қосылды. Сізді сенбілікке шығуға мәжбүрлей ме? Мектебіңізде дәретхана жоқ па? Асхана жұмыс істемей ме? Мұғалімдерді халық санағын жүргізу шарасына тартып жатыр ма? Білім министрлігі іске қосқан жедел желіге хабарласыңыз”- делінген хабарламада.

Заңсыз әрекет байқаған жағдайда 8 (705) 206-59-32 WhatsApp нөмірі бойынша фото және видео жолдауыңызға болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз