Астанада биыл көмір бағасы қандай?

0
127

Нұр-Сұлтан халқы биыл көмірді 12 жерден сатып ала алады. Көмір бағасы 9500-13200 теңге аралығында. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады. 

“Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тұрғындардан көмірді алдын ала сатып алуды сұрайды. Күн суығанда көмірді жұрттың бәрі жаппай сатып алатындықтан кезек көбеюі мүмкін. Мұндай жағдай болмас үшін біз қыркүйек айынан бастап халықты көмір сатып алуға шақырамыз”, – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов.

Белгіленген бағаларға сәйкес, елордадағы көмірдің орташа құны:

Шұбаркөл тоннасына – 13 200 тг;
Қаражыра тоннасына – 13 500 тг;
Майкөбе тоннасына – 12 000 тг;
Богатырь көмірі тоннасына – 9 500 тг.

Нұр-Сұлтанда көмірді мына мекенжай бойынша сатып алуға болады:

– Герцен көшесі, 4/1 – Қаражыра сорты, Қаражыра тұтынушысы.;
– Сороковая станция – Қаражыра сорты, Қаражыра тұтынушысы.;
– Герцен көшесі, 6/2 – Ұсақ богатырь, Майкөбе, Қарағанды, Жалын,
– Көктал, 28/1 – Майкөбе;
– Жұбанов к-сі, 35 – Шұбаркөл;
– Көктал, 28/2 – Шұбаркөл;
– Ж. Жабаев көшесі, 68 – Қаражыра сорты, Қаражыра орешек;
– Мақат к-сі, 40 – Қаражыра сорты, Қаражыра;
– Герцен көшесі, 6Б – богатырь, Қаражыра, Жалын, Майкөбе;

Сондай-ақ, 109 нөмірі бойынша “жедел желі” құрылған. Ол арқылы қала тұрғындары көмір сататын жер және қара отын құны мен қорлары туралы біле алады. Бұл ақпарат күн сайын жаңартылып отырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз