Славян базарында бас жүлдеден үміттіміз – Ж. Мұқанов

0
140

Продюсер Жан Мұқанов Витебскте өтетін «Славян базары» байқауына Қазақстан атынан бақ сынайтын «Amre» есімімен танылған Ернар Сәдірбаевтың аталған байқауда топ жаратынына сенім білдірді. Бұл туралы продюсер Орталық коммуникациялар қызметінде Kazaknews.kz тілшісіне берген сұхбаты барысында мәлімдеді.

«Кем дегенде бірінші орын, ал негізінен бас жүлдеден үміттіміз», – деген продюсер Е. Сәдірбаевтың музыкалық әлеуетін жоғары бағалады. «Әртіс байқауға қарқынды түрде дайын, ол өте әлеуетті музыкант, әнші», – деген Ж. Мұқанов байқауға күрделі туындылардың таңдап алынғандығын алға тартып, Е. Сәдірбаевтың Д. Құдайбергеннің байқаудағы мүмкіндігіндей әлеуеті барын атап өтті.

Өз кезегінде, Е. Сәдірбаев брифинг барысында жеңістен үмітті екендігін алға тартты. Әнші «Славян базары» байқауына үш туынды атап айтқанда, Н. Тілендиевтің «Құстар әнін», Раймонд Паулстың «Подберу музыку» әнін және Моцарттың «Я сплю на розах» туындысын дайындауда.

«Славянский базар в Витебске» Халықаралық өнер фестивалі 1995 жылдан бері өтіп келеді. 2015 жылы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген аталған байқаудан бас жүлдені жеңіп алды. Осы жылғы байқауда Қазақстаннан Роза Рымбаева (ересектерге арналған байқауда), Димаш Құдайберген (балаларға арналған байқауда) қазылар алқасы қатарында бар.

Сабина Ақтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз