Роза Рымбаева: Журналистер қауымының алдында қарыздармын

0
181
«Славян базар» халықаралық өнер фестивалі аясында «Ұлы дала күні» атауымен Қазақстан күні өткізілмек. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Славяндық базар» халықаралық фестивалінің ресми өкілі Қарлығаш Әбдікәрімова мәлімдеді.
Халықаралық өнер фестивалінің жоспары мен дайындықтары барысымен бөлісуге келген Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева отандық БАҚ өкілдеріне ризашылығын білдірді.
Роза Қуанышқызы Рымбаева: Әрқашан да өзімді журналистер қауымының алдында қарыздармын деп есептеймін. Себебі сахнаға алғаш шыққан күннен бастап бүгінге дейін өмірім БАҚ өкілдерінің көз алдында өтті. Сол кісілердің қолдауымен, насихаттауымен менің шығармашылық өмірім әрі қарай дамып келеді. Сіздерге басымды иемін. Мамандықтарыңызды өте жоғары бағалаймын.
Сондай-ақ, Роза Рымбаева журналистер қауымын жақында өткен Бұқаралық ақпарат және баспасөз қызметкерлері күні мерекесімен құттықтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз