Жазушылар одағының төрағасы «Мәдениет» заңына өзгеріс енгізуді ұсынды

0
136

31 мамырда жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, Мереке Құлкенов президентке «Мәдениет туралы» заңға қазақ жазушыларының шығармаларын басып шығаруға және кеңінен таратуға септігін тигізетін арнаулы нормалар енгізу жөнінде ұсыныс айтқан.

«Бізде “мәдениет” заңы қабылданған. Сол заңда қазақ әдебиеті туралы әңгіме аздау. Сол заңға өзгеріс енгізсек деген ұсыныс айттым», – деді жазушылар одағының төрағасы М. Құлкенов.

Бұдан бөлек кездесуде ел бірлігін нығайту, қоғамдық құндылықтарды дәріптеу ісінде қаламгер қауымның атқаратын рөлі қарастырылған. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет тарапынан қаламгерлерді қолдау шаралары жалғаса беретінін жеткізген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз