127 жылдан кейін қайталанған су тасқыны

0
185

Францияның оңтүстігінде толассыз жауған жауынның әсерінен пайда болған су тасқынының салдарынан 12 адам көз жұмды. Тағы 8 адам ауыр жарақаттанған. Іс-түссіз жоғалған 1 адамға іздеу салынуда.

Елдің оңтүстік бөлігінде орналасқан Од ауданында бірнеше сағаттың ішінде үш айлық жауын жауған. 8 мыңға жуық тұрғын үйлер электр қуатынсыз қалды.

Франция президенті Эммануэль Макрон: Барша франсуз халқы қайғылы жағдайдан жапа шеккен отандастарымыз үшін қайғырып, уайымға салынып отырғанын жеткізуге рұқсат етіңіз.

Жақын арада ел президенті табиғат апатынан зардап шеккен аудандарға барады. Бүгінде Франция прьемер-министрі Эдуар Филипп пен экология министрі тасқыннан зардап шеккен аймаққа барды.

Бүгінгі апат Францияның аталған аймағында соңғы 127 жыл ішіндегі ең күшті су тасқыны деп бағаланған. Бұл аймақта қауіптілікттің ең жоғарғы «қызыл» деңгейі жарияланған. Метеорологтардың болжамдарына сәйкес, жауын-шашын бейсенбіге дейін жалғасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз