Қос Корея арасында келіссөздер басталды

0
421

9 қаңтар Пхамунджом шекара бекетінде Оңтүстік Корея мен Корей Халық Демократиялық Республикасы (КХДР) арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыру мақсатында екі жақты келісім сөздер басталды, деп хабарлайды Ренхап агенттігі.

Келісім сөздер барысында екі мемлекеттің қатынастарын қалпына келтірумен қоса басты талқыға салынатын мәселе Солтүстік Корея спортшыларының Корея Республикасының Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиадаға қатысуы болмақ.

КХДР басшысы Ким Чен Ын мәлімдегендей, қос тараптан келіссөздерге бес адамдық топ кіреді. Оңтүстік Кореяның делегациясын Чо Мен Ген бастап келсе, КХДР тарапынан Кореяның бейбіт бірігу комитетінің басшысы Ри Сон Гвон басшылық етті.

Ренхап

Қазіргі уақытты келіссөздердің бірінші раунды аяқталды.

Еске сала кетейік, оңтүстіктегі Корея солтүстіктегі респуликаға 9 қаңтар екі мемлекет арасында Пханмунджом демилитаризацияланған аймағында Корей мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту мақсатында жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізуге уағдаласқан болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз