«Қазір Американың арманын орындау үшін ең тиімді уақыт»

0
63

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп АҚШ Сенатының және АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының бірлескен отырысында «Елдің жағдайы туралы» өзінің алғашқы жолдауын жеткізді. Бұл туралы Би Би Си орыс тілді агенттігі хабарлайды.

Жолдауда АҚШ президенті «АҚШ үшін экономикалық ығыстыру дәуірі аяқталды. Бұл біз үшін жаңа мүмкіндік. Американың арманын орындау үшін дәл бүгінгідей тиімді уақыт болған емес», деп мәлімдеді.

АҚШ экономикасының жақсы жағдайын айта отырып, ол орта таптың салықтық бөлігін айтарлықтай қысқартуға уәде берді.

«Біз сенімді және мықты Американы қалыптастырудамыз. Сайлаудан бері біз оның ішінде 200 мың жаңа жұмыс орны бар 2,4 миллион жұмыс орнын құрдық. Ұзақ жылдар бойы тоқыраудан кейін, ақыр соңында жалақының көтерілгеніне куә болдық. Егер америкалықтар барынша қызмет етіп өз еліне сенім артса бәріне қол жеткізе алады», деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, жолдау барысында АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йорктегі соңғы террорлық шабуылдардың себебінен «грин-карт» бағдарламасын алып тастауға шақырды.

«Нью-Йорктегі екі террорлық шабуыл визалық лотерея мен тізбекті көші-қонға байланысты орын алды. Терроризм дәуірі өршіп тұрған уақытта мұндай бағдарламалар ел үшін қауіп төндіреді», деп мәлімдеді. 

АҚШ президенті мұндай бағдарламалар арқылы АҚШ шекарасын ашу елге қарақшылардың еркін кіріп шығуы мен заңсыз қару-жарақ тасымалдауға мүмкіндік береді деп есептейді.

Еске сала кетейік, 2017 жылы қазан айының отыз бірінде Нью-Йорктің Манхэттен ауданында Өзбекстан Республикасының тумасы терракт жасаған болатын. Салдарынан 8 бейбіт тұрғын көз жұмып, 12-ден астам адам түрлі жарақаттар алған еді. Жергілікті мәліметтерге сәйкес 29 жастағы лаңкес 2010 жылы «грин-карт» визалық бағдарламасы бойынша АҚШ-қа тұру үшін келген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз