«А.Атамбаев экономикада да, саясатта да бірде-бір нәтижеге қол жеткізе алмады» – Н.Нығматулин

0
35

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қырғызстан президенті А. Атамбаевтың мәлімдемесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Н.Нығматулинның айтуынша, ҚР Президенті Н.Назарбаев қырғыз халқына ерекше қолдау көрсетіп келеді.

«Қырғыз халқы әрдайым Қазақстанның көшбасшысына ризашылықпен қарайтынын білемін. Сол себепті де Қырғыз елі басшысының бұл «бос» әрі жауапсыз мәлімдемелері бауырлас екі елдің қарым-қатынасына ешқашан зиянын тигізе алмайды», деп мәлімдеді.

Сондай-ақ мәжіліс төрағасы А.Атамбаевтың төрағалық кезінде оң нәтижеге қол жеткізе алмағанын атап өтіп,  «Атамбаев президенттік жылдарында экономикада да, саясатта да бірде-бір  нәтижеге қол жеткізе алмағаны барлығына айқын. Сонымен бірге, кетер алдында саяси және ішкі мәдениеттің жоқтығын көрсетті», деді.

Жадыра Аманбайқызы

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз