Әлем чемпионатында ҚР Гимні шатастырылды

0
92
facebook

 Сочиде өткен Әлем чемпионатында турнирді ұйымдастырушылар Қазақстанның мемлекеттік гимнін шатастырды. Оқиғаның бейнежазбасын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында (Facebook) Дидар Нөкеш есімді пайдаланушы жариялаған деп хабарлайды tengrinews.kz.

Оқиға 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен, ресейлік спортшы Аслан Мудрановты жеңген қазақстандық күрескер Есет Қуановты марапаттау кезінде орын алды.

Көрермендер орнынан тұрған сәтте, Қазақстан Республикасының ескі гимні ойнады. Гимнің алғашқы аккордтары шырқалған кезде, тұғырда тұрған жеңімпаз түсінбестік кейіп танытса, залдан белгісіз дауыстар шыға бастады. Қателік орын алғанын түсінген ұйымдастырушылар, шараны бірден тоқтатты. Дегенмен, гимнің қазіргі жазбасы табылмады. Дауыс күшейткіштен «Техникалық ақаулар үшін кешірім өтінеміз», – деп дауысталды.

Дегенмен, Қазақстан құрама командасы саспады. Залда отырған споршылар Қазақстан Республикасының гимнін орындай бастады, ал өзге көрермендер қазақстандық спортшыларға қолдау білдірді. Тізгіншілер болса , «Жарайсыңдар, қазақтар!  Көршілеріміз жарады!», – деп балуандарға ыстық ықылас танытты.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз