Атбасар ауданына жаңа әкім тағайындалды

0
139

Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин ҚР Президентi Әкімшiлiгiнiң және аудандық мәслихат депутаттарының келiсiмiмен Атбасар ауданына жаңа әкiм тағайындады, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аманбек Әмiрхамзинұлы 1961 жылы Торғай облысы, Арқалық ауданында туылған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бiтiрген. Бiлiмi жоғары. Еңбек жолын Арқалық қалалық коммуналдық шаруашылық бөлiмiнде бухгалтер болып бастаған.

1983-2004 жылдар аралығында салық және статистика органдарында жауапты қызметтердi атқарған. 2004-2012 жылдары Жарқайын ауданының әкiмi, 2013 жылы Ерейментау ауданының әкiмi, Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, 2015 жылдан берi Есiл ауданының әкiмi лауазымын атқарды. “Парасат” “Құрмет” ордендерiмен наградтталған.

Аймақ басшысы, жаңа тағайындалған аудан әкiмiнiң басқару iсiнде мол тәжiрибесi бар екенiн алға тартып, Аманбек Қалжанов пен аудан активi алдында бiрқатар мiндет жүктедi.

ҚР Президентi жанындағы кадр саясаты жөнiндегi ұлттық комиссияның 2017 жылғы 6 қарашадағы хаттамасына сәйкес Андрей Николаевич Никишев Ақмола облыс, Атбасар ауданы әкiмi қызметiнен босатылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз