Қытай мен КХДР өзара қатынастарды нығайту бойынша келісім жасады

0
123
дереккөзден

Қытай мен КХДР Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің арнайы елшісі Сун Таоның сапары қорытындысы бойынша партия аралық және екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға келісім жасады.

ҚКП (Қытай коммунистік партиясы) Орталық Комитетінің халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Сун Тао КХДР-ға жұмыс сапарымен барды, онда ол Кореяның жұмысшы партиясы басшыларымен кездесіп, келіссөздер жүргізді деп хабарлайды РИА Новости.

Тараптар партиялық қатынастар және Корей түбегіндегі жағдай туралы пікір алмасып, КХДР мен ҚХР арасындағы қатынастарды одан әрі дамытуға және партиялық байланыстарды нығайтуға дайын екендігін білдірді», – деп мәлімделеді.

Синьхуа агенттігі хабарлағандай, Сун Тао ҚКП-ның Бейжіңде 18-24 қазан аралығында өткен 19-шы съезінің қорытындысы туралы мәлімдеді. Солтүстік Корея тарабы съездің сәтті өтуімен құттықтады.

Сапар барысында Сун Тао Қытайдың 1950-1953 жылдары КХДР тарапынан Корей соғысына қатысқан қытайлық еріктілердің жерленген жерін тексерді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз