Елордада Аяз Ата резиденциясы ашылады

0
88
дереккөзден

Елордада Аяз Атаның резиденциясы ашылады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қорының директорының орынбасары Ғани Хасеновтың айтуынша, Астана қаласының мәдениет басқармасының тапсырмасы бойынша елордалық саябақта Аяз Ата мен Ақшақардың резиденциясын ашу жоспарлануда деп хабарлайды tengrinews.kz.

«Біз қала тұрғындары мен қонақтарына резиденция түріндегі тосын сый әзірлеудеміз. Аяз Ата өз үйшігінде болып, балаларды мейраммен құттықтап, олармен суретке түседі. Қызметтердің толық кешені болады. Резиденциясының ашылуын 25 желтоқсанға жоспарлап отырмыз», – деді Ғ. Хасенов.

Сондай-ақ, Астана қаласының коммуналдық шаруашылық қоры директорының орынбасарының айтуынша, резиденция 7-10 қаңтарға дейін жұмыс күндері кешкі сағат 18.00-ден, демалыс күндері сағат 12-ден бастап жұмыс істейді. «Аяз Атаның резиденциясына төлем ақысы 1000 теңгеден артық болмайды. Мұның бәрі Аяз Ата күніне қанша баланы құттықтау мүмкіндігіне қарайластырады», – деп атап өтті Ғ. Хасенов.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз