«Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» атты 4 томдықтың тұсауы кесілді

0
94

Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында, Жағда Бабалықұлының туғанына 100 жыл толуына орай «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» атты төрт томдық еңбек жарыққа шықты.

Жаһандану дендеген қазіргі таңда ұлттық құндылықтарға айырықша басымдықтар берілуде. Ұлттың ұлт болып сақталуы да ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің қаншалықты  сақталуына байланысты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық еңбегінде: «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», – деуі де сондықтан.

Осы тұрғыдан көрнекті этнограф Жағда Бабалықұлының 100 жылдығына арнап «Дәстүр» баспасы шығарып отырған «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» атты төрт томдық уақыт сұранысына жауап беретін энциклопедиялық деңгейдегі ауқымды еңбек. Ендеше бұл әлемдегі барша қазақтың тағдыр-талайынан, олардың қастерлі құндылықтарынан  сыр шертер бірегей төрт томдық екендігін ауыз толтырып айтуға  әбден болады. Сыр-сұхбатқа негізделген төрт томдықтың авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, зерттеуші, ақын  Қасымхан Бегманов.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз