Қазақстан көмір экспортын шектеуге байланысты Қырғызстанда отын бағасы көтерілді

0
66
ашық дереккөзден

Қырғызстанның Экономика министрлігі алдағы бірнеше айда көмір бағасын мемлекеттік реттеуді қарастырады. Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанмен шекарада болған мәселелер мен көрші елдің билік органдарының көмірді жеткізу бойынша шектеулеріне байланысты, Қырғызстандағы отын бағасы көтерілді деп хабарлайды Азаттық.

Қырғызстанның экономика министрлігінің аймақаралық департаментінің басшысы Зайнидин Жұмалиев отын бағасының өсуі Қазақстаннан Қырғызстанға көмір жеткізуді шектеуі мүмкін. Оның айтуынша, Қазақстаннан  көмір соңғы рет Қырғызстанға 19 қазанда жеткізілген. Күзгі-қысқы маусымның басынан бері көмір жеткізу, әдетте, бірнеше күнде жүзеге асырылады.

«Қазақстанның Қырғызстанға көмір жеткізуіне ресми түрде тыйым салынбаған. Көмір жеткізудің шектелімін тиісті органдар вагондардың жетіспеуі және өз елінде көмірге деген үлкен қажеттіліктің туындауымен түсіндіреді. Қазіргі уақытта үш мұнай өңдеу зауытының екеуі Қазақстанда жөндеуге жабылды,  мұнай мен бензин жеткіліксіз болғандықтан, көмірді тұтынуға деген сұраныс артты», – дейді Жұмалиев.

Экономика министрлігі өкілінің айтуынша, Қырғызстан өздерін 60-70 % көмірмен қамтамасыз етсе, қалған бөлігі Қазақстаннан тасымалданады. Оның мәлімдеуінше, бүгінгі таңда Қырғызстанда көмір тапшылығына қатысты қауіп-қатер жоқ.

«Көмірдің бағасы өсуі мүмкін. Қазір бағаның 15 пайызға өскенін байқадық. Қырғыз тарабы Қазақстанмен үздіксіз келіссөздер жүргізуде», – дейді Жұмалиев.

Сабина Сайлаубай

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз