Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері кездесті

0
77

Самаркандта Қазақстан мен Қырғыстан сыртқы істер министрлері Қайрат Әбдірахманов пен Эрлан Абдылдаев кездесті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Тараптар өңірлік және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін, Еуразиялық Экономикалық Одақ аясындағы интеграция мәселелерін талқылады.

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және жиналған сауда-экономикалық мәселелерді шешуге қатысты өзара мүдделерін атап өтті. Министрлер екі елдің сыртқы саясат ведомстволары бойынша байланыстарды жандандыру туралы уағдаласты.

Қ.Әбдірахманов пен Э.Абдылдаев Самаркандқа Орталық Азияда қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша халықаралық конференцияға және «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» кезекті диалогіне қатысу үшін барды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз