СДУ-лықтар Челябинскте өткен аймақаралық форумда инновациялық жобаның тұсауын кесті

0
52

Челябинскде «Адами капиталды дамыту» тақырыбында өтіп жатқан XIV аймақаралық форумға қазақстанның 8 белді жоғарғы оқу орнының өкілдері қатысуда. Олардың қатарында Сулейман Демирель университеті де  бар.

Еліміздегі білім саласындағы сапалы адами капиталды және мемлекеттің жан-жақты секторларына арнайы  еңбек ресурстарын даярлау бойынша көшбасшылардың санатында тұрған Сүлейман Демирел атындағы университеттің (СДУ) делегациясы екі ел басшылығының назарына «Digital University» атты инновациялық жобасын ұсынды. Жаңа жоба «жасанды интеллект», «компьютерлік көру» сынды талаптарды пайдалана отырып, ақпаратты автоматты түрде өңдеу мүмкіндігін береді.

Сонымен қоса, жоба оқу орнының білім беру процесстерін цифрлауға мүмкіндік бере отырып, студенттер, оқытушылар, оқу орнының әкімшілігін және жұмыс берушілерді біріктіретін бірден-құрал болып табылады. Digital University әкімшілік пен оқытушы құрамға арналған онлайн портал, онлайн кітапхана, кез-келген смартфонда қолжетімді болатын мобильдік қосымша сынды қосалқы компоненттерден тұрады. Ал, бұл жүйе  өз кезегінде қолданушыларға, яғни, студенттерге, басшылық пен оқытушыларға және жұмыс берушілерге  тәулік бойы қолжетімді.

Сонымен қатар, жоба жұмыс берушілерге студентердің оқу үлгерімін бақылап, мамандыққа деген қызығушылығын сыртай қадағалап отыруға ыңғайлы. Осы арқылы жұмыс беруші болашақ маманға таңдау жасап, жұмысқа шақыруға шешім қабыдай алады, ал студент оқуы аяқталмас бұрын жұмысқа орналсуға мүмкіндік алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз