Н.Назарбаев Қазастан мен Ресей ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясында В.Путинмен кездесті

0
78

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумына қатысып РФ Президенті В.Путинмен кездесті, деп мәлімдейді Президенттің баспасөз қызметі.

Ресей президентімен кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен оны әрі қарай дамыту перспективаларын талқылады.

Елбасы «Біздің өңіраралық ынтымақтастығымыз – қиындықтарға қарамастан ілгерілеп келе жатқан экономикалық өзара іс-қимылымыздың негізі. Соңғы 9 айда елдеріміз арасындағы тауар айналымы 31 пайызға өсті. Біздің әр кездесуіміз – жаңа белес, онда ауқымды міндеттер шешіледі. Бүгінгі кездесуіміз де мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды рөл атқарады, – деді.

Владимир Путин Қазақстан Президентінің өңіраралық форумды өткізу жөніндегі бастамасының табысты болғанын атап өтіп, екі елдің осы форматтағы ынтымақтастығының тиімділігі жоғары екенін айтты.

Сондай-ақ адам капиталын дамыту тақырыбында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресей ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумына қатысып, оны жыл сайын өткізудегі маңыздылығы мен форумның мақсаты мен міндеттері жайын сөз етті.

Өңіраралық байланысты нығайтуды көздейтін аталған форумның қорытындысында Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толуына орай Н.Назарбаев пен В.Путин келісімдерге қол қояды деп күтілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз