Елбасы сыртқы барлау қызметкерлеріне мерейтойлық медаль шығаруға қаулы етті

0
80

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы барлау қызметкерлері үшін медаль шығару туралы қаулы етті.
Қаулы “Әділет” нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүейсінің сайтында жарияланған.
Биылғы жылдың 6 қарашасында Мемлекет басшысы № 577 «Қазақстан Республикасының шетелдік барлау саласындағы уәкілетті органның 20 жылдығын мерейтойлық медальмен марапаттау туралы» бұйрыққа қол қойды. Осы құжатқа сәйкес, «Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметіне 20 жыл» мерейтойлық медалі табысталады.

Бекітілген ережелерге сәйкес мерейтойлық медальмен кем дегенде 20 жыл  еңбек өтілі бар, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған сыртқы барлау қызметінің зейнеткерлері мен ҚР сыртқы барлау қызметі саласында елеулі қызмет атқарған «Сырбар» ҚР Сыртқы барлау қызметінің қызметкерлері марапатталады.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз