Д.Трамп Ким Чен Ынмен достық қарым-қатынас орнатуға ниетті екенін білдірді

0
81

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен достық қарым-қатынас орнату ниетте екенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Д.Трамп өзінің Twitter әлеуметтік желісінде берген мәлімдемесінде, алдағы уақытта КНДР президентімен арадағы қарым-қатынастың дұрысталатындығына ниетті екенін білдіріп,  «Мен Ким Чен Ынды «толық немесе кішкене бойлы» деп айта алмаймын, дегенмен де неліктен ол мені «кәрі» деп қорлауды ұйғарды. Мен Ким Чен Ынмен дос болуға тырысамын және алдағы уақытта арақатынасымыз түзеледі деген ниеттемін», деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Солтүстік Корея өз еліне қауіп төндірген жағдайда оны толықтай жойып жіберуді уәде еткен болатын.

Өз кезегінде КНДР басшысы да Слотүстік Корея тарихында АҚШ-қа қарсы ең қатал шаралар қолданатынын мәлімдеген болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз